скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

2015 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

ЫАЖ «Е-қызмет» енгізу және жұмыс істеуі

 

Департаментпен ағымдағы жылдың 1 ақпаны 5 наурызы аралығында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Жүйе)  мониторинг жүргізу мақсатымен облыс бойынша барлық мемлекеттік органдардың (аудандық деңгейін қоса алғанда) персоналды басқару қызметтеріне тәжірибелік көмек көрсетілді. Нәтижесінде, Жамбыл өңіріндегі барлық 395 мемлекеттік органның 389 немесе 98,5 % жұмысты штаттық режимде атқарып отыр.

Жүйеде үзіліссіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтеріне күнделікті көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.

 

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, яғни профилактикалық қызмет бойынша 2015 жылы Департаментпен облыс аумағында әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен 678 семинар мен дәрістер, 80 дөңгелек үстел, 6 ғылыми -  практикалық конференция ұйымдастырылып, өткізілді. Бұдан бөлек жыл басынан кең көлемде 34 мәдени шаралар (флешмобтар, акциялар, қоғамдық қабылдаулар және т.б.) өткізілді.

 

Талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау

Департаментпен 2015 жылы 39 мемлекеттік органдардың қызметтерінде сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтауға байланысты талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау барысында мемлекеттік органдарда негізінен сыбайлас жемқорлық қатерлерге жол берілетін келесі әрекетттер орын алғаны анықталды.

  • қызмет тұтынушылардан стандартта көрсетілмеген құжаттарды сұратулар немесе стандартқа сәйкес құжаттарды толық сұратпай тиісті қызметтер көрсеткендігі;
  • толық емес құжаттар жиынынсыз мемлекеттік қызмет көрсету;
  • тәжірибе көрсеткендей, Стандарттарда бірінде қызмет көрсетудің мерзімдері жұмыс күндерімен көрсетілсе, ал біреулерінде күн түзбелік мерзімдерімен көрсетілген;
  • мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмауы;
  • жүргізіліп жатқан талдау барысында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің органдардағы ақпараттары мен «ИИС ЦОН Мониторинг» бағдарламасына енгізілген қызметтер санының деректері арасында сәйкессіздіктері;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін ХҚКО және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетіндігі белгіленсе де, қызмет көрсету барысында қызметкерлердің қызмет алушылармен тікелей байланысқа түсетіндігі анықталды;
  • көбінесе қызмет тұтынушылардың стандарттарында қызмет көрсетуден бас тарту негіздері көрсетілмеген. 

Талдау нәтижесімен мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктерді жою, сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендету үшін 92 ұсынымдар жолданды.

 

Тәртіптік кеңестің атқарған жұмыстары

Тәртіптік кеңесімен 2015 жылдың 12 айында өткізілген 12 отырыста қаралған барлығы 158 мәселенің 121-і тәртіптік істер болса, 17 мәселемен мемлекеттік органдар басшыларының есептері тындалды, тәртіптік комиссиялардың қызметін үйлестіру мәселелері бойынша 8 мәселе және 12 басқа мәселелер қаралды.

Тәртіптік істерді қарау нәтижелерімен берілген ұсыныстар негізінде 72 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды.

(анықтама: оның ішінде 4-не «ескерту», 5-не «сөгіс», 10-на «сөгіс», 40-на «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 2-не «лауазымын төмендету» түріндегі тәртіптік жаза қолданылса, 11-і атқарып отырған лауазымынан босатылды).

Тәртіптік жазаға тартылғандардың 49-ы облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, 3-уі аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері және 20-сы теңестірілген өзге тұлғалар болды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы

Департаменттің 2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнама талаптарының сапасына жүргізілген 41 тексерулердің  28 орталық аппаратын тапсырмасы бойынша 28, 10 жоспарлы, 3-і жоспардан тыс тексерулер болды.

Тексерулер нәтижесімен 498 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптары бұзылғаны (3 жағдайда көрсетілген қызметтердің мерзімдері сақталмағаны, 121 қызмет стандарт пен регламенттерде көзделген құжаттардың толықтығы болмағанына қарамастан, көрсетілгені, 374 жағдайда заңнамамен көзделмеген құжаттарды талап еткен) анықталған.

Анықталған жайлар бойынша енгізілген ұсыныстар нәтижесімен 20 қызметкерге тәртіптік жазалар қолданылса, оның 12-не «ескерту», 8 - «сөгіс» берілген.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы