скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

           Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдырды толтыру мақсатында Жамбыл ауданы әкімі аппаратында «бос лауазымдар жәрмеңкесі» өтті.

           Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі тұрғындарына құқық қорғау органдарына және мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу тәртібін түсіндіру туралы семинар-кеңес өткізді.

           Департамент қызметшілерімен тұрғындарға мемлекеттік қызметке түсу тәртібі және тестелеуден өту қағидалары түсіндірілді. 

            ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл ауданының маслихат депутаттарымен, «Нұр Отан» партиясы,  үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдерімен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға байқаушы ретінде қатысу тақырыбында семинар өткізді.

            Іс-шара барысында  байқаушылардың құқықтары мен конкурстық комиссияның отырыстарында жасауға болмайтын әрекеттер туралы түсіндірілді.

            Семинарға қатысушылар  конкурс рәсімдерін оңтайландыру бойынша өз ұсынытарын енгізді.

               Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20-қазанында сағ.10.00-де «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-нің және жергілікті атқарушы органдардың  әлуметтік сұранысқа ие тиісті сала мамандарының қатысуымен алғаш рет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

            2017 жылдың 17 қазанында Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаевтың төрағалық етуімен кадр комиссиясының отырысы өтті.

            Аталған отырыста «А» корпусының кадр резервіне үміткер С.Қабылбековпен әңгімелесу жүргізілді.

            Әңгімелесу қорытындысы бойынша, аталған үміткерге қатысты бірауыздан оң шешім қабылданып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясына жолданды.

           Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу қарсаңынды салтанатты жиын өтті.

           Өзінің құттықтау сөзінде Департамент басшысы М.Ы. Нәлібаев Тіл – халықтың өркендеуіне, ұлттық бірігуіне және нығаюына себептесетіндігін, адамдардың ара-қатынасын жалғайтын тәрбие құралы мен тірегі екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Тілдер меркесі – достықтың, елдің барлық азаматтарының туыстығы мен бірлігінің нышаны екендігін айтты.

         М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар сарайында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі» атты облыстық жастар форумы өтті.

           ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде арнайы мониторингтік топтың төрағасы С.Сейдазимовтың басшылығымен көшпелі ведомствоаралық жиналыс өтті.

           Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ә.Мұқашев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

proyavite-aktivnuyu-grazhdanskuyu-poziciyu

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.

Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы