скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.09.2017 г.

Агенттіктің Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ә.Мұқашевтың қатысуымен арнайы мониторингтік топтың отырысы өтті

           ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде арнайы мониторингтік топтың төрағасы С.Сейдазимовтың басшылығымен көшпелі ведомствоаралық жиналыс өтті.

           Жиналыс жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ә.Мұқашев, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нәлібаев, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» РҚБ төрағасы Т.Байғұлов, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Х.Бегалиев, арнайы мониторингттік топтың мүшелері, мәслихат депутаттары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басшылары, сонымен қатар, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

           Арнайы мониторингтік топ қызметінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 2014 жылғы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдауды және бағалауды жүргізу болып табылады.

           Осыған орай, ведомствоаралық жиналысты дайындау барысында қоғамдықпен бірге ең көп талап етілетін қызметтерді халыққа көрсететін денсаулық сақтау, көші-қон, мемлекеттік кірістер, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы, сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары тексерілді. Аталған объектілерге барған кезде азаматтар мен қызметті алушылардың ескертпелері мен пікірлері тыңдалды.

           Жиналыста, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында әкімшілк кедрегілерді жою, бюрократиялық тәртіптерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді және мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету бойынша нақты ұсынымдар берілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы