скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

21.09.2017 г.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан халықтарының тілдері күні атап өтілді

           Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу қарсаңынды салтанатты жиын өтті.

           Өзінің құттықтау сөзінде Департамент басшысы М.Ы. Нәлібаев Тіл – халықтың өркендеуіне, ұлттық бірігуіне және нығаюына себептесетіндігін, адамдардың ара-қатынасын жалғайтын тәрбие құралы мен тірегі екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Тілдер меркесі – достықтың, елдің барлық азаматтарының туыстығы мен бірлігінің нышаны екендігін айтты.

           Әрі қарай, сөз кезегі Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту орталығы директорының орынбасары А.Ж. Абдурахмановаға және Департаменттің бас маманы Г. Бақытжанқызына берілді. Олар өз кезегінде мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызмет жүйесіндегі маңыздылығы туралы айтып өтті.

           Еске сала кетсек, 1998 жылдың 20 қаңтарындағы ҚР Президентінің Жарлығымен, ана тіліне және еліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзге де ұлттардың тілдерін, салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу мақсатында қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан халықтарының тілдері күні болып белгіленген


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы