скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

07.06.2017 г.

Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нәлібаевтың төрағалық етуімен Департамент жанынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

           Жұмыс тобының күн тәртібінде Жамбыл, Сарысу, Мойынқұм және Талас аудандары әкімдерінің «Жергілікті жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларының орындалуы туралы есептері» талқыланды.

           Іс-шара барысында жұмыс тобының мүшелерімен аудандарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бойынша, оның ішінде аудан әкімдіктерінің ресми сайттарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды заңнамаға сәйкес жариялау, қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша анықталған ескертулер бағытында жұмыстар атқару, мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда көрсету үлесін арттыру және аудан әкімі аппараттарымен жұмыс барысында орын алатын кемшіліктері бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

           Бұдан бөлек, жұмыс тобының мүшелерімен аудандарда көрсетілетін мемлекеттік қызметттерді алу тәртібін оңтайландыру бойынша да жұмыстар атқарылуы керектігі атап өтілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы