скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.09.2017 г.

Жамбыл облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі» жастар форумы өтті

         М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар сарайында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі» атты облыстық жастар форумы өтті. Форум жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету департаментінің басшысы А.Мұқашев, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нәлібаев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен және жоғарғы оқу орындарының басшылары мен ҮЕҰ төрағалары, белсенді студент жастар қатысты. Форумның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік ахуалын қалыптастыру және онымен күресудің негізгі бағыттарын түсіндіру болды. Форум барысында Тараз инновациалық-гуманитарлық университетінің проректоры Е.Шертаев, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Байғұлов, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен, Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Д.Омаров сөз сөйлеп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Форум қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы У.Болатбек Жамбыл облысы жастарының атынан республика жастарына жемқорлықпен жұдырықтай бірлесе күресуге шақырырып, Үндеу жариялады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы